Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер 30 отбасыға құқықтық кеңес берді

Түркістан облысында полицейлер 30 отбасыға құқықтық кеңес берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында Кентау қаласында профилактикалық есепте тұрған 30 отбасының тұрғылықты мекенжайлары араланып, құқықтық кеңестер берілді.

Полицейлер тұрғындарға отбасындағы татулықтың маңызы мен зорлық-зомбылықтың зияны туралы түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратты.

Акцияның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алып, отбасындағы қауіпсіздік пен бірлікті нығайту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру