Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер ауыл мешіттерін аралап, жол қауіпсіздігін насихаттады

Түркістан облысында полицейлер ауыл мешіттерін аралап, жол қауіпсіздігін насихаттады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында профилактикалық іс-шара өткізді.

Онда жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін Сайрам ауданы Қарабұлақ, Көлкент және Манкент ауылдарындағы орталық мешіттерде жұма намазына жиналған жамағатпен кездесулер ұйымдастырылды.

Полицейлер азаматтарға Қазақстан Республикасы жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндіріп, жолдағы жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың мотокөлік пен автокөлікті басқаруына жол бермеу, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарудың салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру