Түркістан облысында полицейлер жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізушіні тоқтатты
Түркістан облысының полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы тұста тәртіп сақшылары Кентау қаласы көшелерінің бірінде Mercedes көлігінің жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпағанын байқап, тоқтатқан. Оқиға барысы полиция қызметкерінің бейнежетонына толықтай жазылып алынған. Тексеру барысында көлік құралына басқа автокөлікке тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірі заңсыз тағылғаны белгілі болды.
Аталған жүргізушіге көлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, сондай-ақ көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірін орнату және пайдалану деректері бойынша әкімшілік шара қолданылды.
Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
