Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында пробация есебінде тұрған сотталғандар қайырымдылық шараларына қатысуда

Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар арасынан еріктілер тобы құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда Келес аудандық пробация қызметінде 141 сотталған есепте тұр, олардың арасынан 10 сотталғаннан тұратын еріктілер тобы құрылған.

Биыл сотталғандардан құралған еріктілер тобы пробация қызметінің есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен сотталғандарға бірқатар көмектер көрсетті.

Соның бірі сотталған Мухамеджан Абикуловтың ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қысқа отынын дайындап беру болып табылады.

Бұдан бөлек  сотталғандар әлеуметтік жағдайы төмен төрт сотталғанның отбасын бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті.

– Наурыз айынан бастап пробация қызметі бөлімінде өте көп қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Біз әрбір іс-шараға қатысуға тырысамыз. Өзіміздің істеген ісіміз үшін ешкімнен ақы күтпейміз. Себебі қайырымдылық, өзгенің жағдайын жасау, көңілін табу, ақысыз жәрдем ету еріктілердің жүрек қалауымен жасалады, – дейді еріктілер тобының жетекшісі Ерсайын Мамырбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру