Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе салынды

Түркістан облысы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егу жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме және пробация бөлімінің жеке құрамы өзінің жұмыс орны бойынша аудандардағы емханаларда тұмауға қарсы тегін екпе қабылдады.

“Жылда күз мезгілі келгенде ЖРВИ мен тұмаудың өршитіні белгілі. Осыған орай, қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен аурудың алдын алу мақсатында бұл маусымдық шараны ҚАЖ саласы назардан тыс қалдырған емес. Соның нәтижесінде инфекциялық аурулар жеңіл өтеді”, – деді Департаменттің санитарлық дәрігері Айдана Мэлсқызы.

Сонымен қатар, қыркүйек айында облыстық департаментке қарасты ИЧ-167/9 қауіпсіздігі  жоғары мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың сексен пайызы тұмауға қарсы екпе қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру