Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 123 жүргізуші анықталды

Ақтөбеде тағы бір мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда сағат 14.30-да Тургенев көшесінде патрульдік полиция жасағы қызмет атқару барысында Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 34 жастағы тұрғынының басқаруындағы “Опель Вектра” автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, сонымен қатар көлікті “орташа” дәрежелі мас күйінде басқарған.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік қралын осындай адамның басқаруына жол беру)  бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жүргізуші Ақтөбе қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жыл басынан бері облыс көлемінде бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 123 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру