Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 300-ге жуық қару иесін тексерді

Түркістан облысының полицейлері «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 300-ге жуық қару иесін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 12-15  қазан аралығында облыс аумағында “Қару” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстарды ашу, алдын алу, жолын кесу, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ қару, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және сату деректерін анықтау болып табылады.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданында тұратын  219 қару иесін тексеріп, 12 қару иесіне қатысты қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар заңсыз сақталған 2 ұңғылы 16 калибрлі қару тәркіленіп алынды.

Келес ауданында қаруды сақтау талаптарын бұзған 8 тұлға анықталып, оларға әкімшілік айыппұл салынды. Іс-шара барысында 5 азамат  аңшы қаруларын ерікті түрде  тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру