Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғынынан 103 грамм марихуана табылды

Түркістандық полицейлер үйінде есірткі өсіріп сатқан азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғынның есірткі затын аса ірі көлемде сақтаумен және сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

Аталған ақпарат ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түлкібас ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын азамат ұсталды.

Оны тінту барысында қалтасынан “марихуана” есірткісі табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткінің жалпы салмағы 103 граммды құрайды.

Күдікті азаматтің  өз үйінде есірткіні егіп, сатумен айналысқаны белгілі болды. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру