Түркістан облысында тағы бір алаяқ ұсталды
Түркістандық полицейлер тағы бір алаяқтың жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының тұрғыны Сайрам ауданында тұратын танысына "жүргізуші куәлігін алып беремін" - деп уәде беріп, банк аударымы арқылы 130 000 теңге ақшасын алып, алдап кеткен.
Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде күдіктіні ұстады.
Күдікті өзінің аталған қылмысты жасағанын мойындады, қазіргі таңда тергеу амалдары өткізілуде.