Түркістан облысында тазалық талаптарын сақтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді
Түркістан облысы Келес ауданында тазалық талаптарын сақтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес ауданы аумағында "Таза Қазақстан" профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында елді мекендерді абаттандыру қағидаларын сақтау, ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға жол бермеу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру және тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау фактілерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелері тиімді пайдаланылды. Нәтижесінде 120 құқықбұзушылық анықталып, кінәлі азаматтарға әкімшілік шаралар қолданылды.
Аудандағы 11 учаскелік полиция пунктінде учаскелік инспекторлар ғимараттардың аумағын абаттандырып, қызметтік аумақтарды ретке келтірді. Бұдан бөлек, тұрғындар арасында тазалық талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
