Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Заң және тәртіп”: Павлодарда ашық есік күні өтті

“Заң және тәртіп” қағидатын ілгерілету аясында Павлодар облысы полиция департаментінде С. Торайғыров атындағы Торайғыров университетінің 4-курс студенттеріне арналған “Әділет жолы” атты экскурсия ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – жастарды департаменттің қызметімен таныстыру және оларды жан-жақты дамуға бағыттау.

– Ашық есік күні – әскери-патриоттық тәрбие беруге, оқушылардың мәдени, рухани және зияткерлік тұрғыдан дамуына, сондай-ақ полиция қызметі беделін арттыруға бағытталған. Түлектердің болашақтарын ойластырып, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттарды жинауға әлі де уақыт бар. Біз әрқайсысын өз қатарымыздан көруге қуаныштымыз, – деді Павлодар облысы ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бейбіт Жақыпов.

Жедел басқару орталығында студенттерге қоғамдық тәртіпті бақылау және азаматтардың қауіпсіздігін нақты уақыт режимінде қамтамасыз ету үшін қолданылатын заманауи технологиялардың мүмкіндіктері көрсетілді.

ЖБО экскурсиядан кейін қонақтар тарих және жауынгерлік даңқ музейіне барды. Музейде жастар ведомствоның тарихы мен жетістіктері туралы білді. Көрмеге ретро фотосуреттер, әр дәуірдің қалпына келтірілген қызметтік киімдері, қару-жарақ, түрлі марапаттар мен Ішкі істер органдары қызметкерлерінің айырым белгілері ұсынылды.

Тағы бір маңызды бағыт – кәсіби бағдар беру. Студенттер полиция қызметінің ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу туралы ақпаратты тікелей мамандардан алды. Бүгінде Ішкі істер министрлігі жүйесінде Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе қалаларында төрт ведомстволық оқу орны жұмыс істейді.

Іс-шара соңында қатысушылар полиция департаменті қызметкерлеріне полиция қызметінің мазмұны туралы жан-жақты әрі қызықты мәлімет бергені үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру