Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында “Тазалық” ЖПІШ өткізіліп жатыр

Түркістан облысында “Тазалық” ЖПІШ өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірдің полиция қызметкерлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, жасыл екпелерді жою және бүлдірудің алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

Мәселен, полицейлер 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтап, шара көрді.
Атап айтсақ, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 19 жайт, белгiленбеген орындарда сауда жасауға қатысты 206 дерек тіркелді. Ал ортақ пайдаланатын орындарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау бойынша 917 дерек анықталып, құқық бұзушыларға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ Қазығұрт елді мекені тұрғыны үйінің құрылысынан шыққан қалдықтар мен малдың малағын көше бойына жинақтағаны анықталып, жауапқа тартылды, түсіндіру шарасы жүргізілді.

Сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 590 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіруге қатысты 403 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.

Ескерте кетсек, Президенттің “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына қолдау білдірген полицейлер облыстың бас полицейі М.Қабденовтің тапсырмасымен “Тазалық” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Басты міндет – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, әрбір тұрғынды табиғат жанашыры болуға шақыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру