Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында мал жаю ережелерін бұзған 350-ден астам тұрғын жауапқа тартылды

Жетісу облысында биыл мал жаю ережелерін бұзған 350-ден астам тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Жетісу облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 378 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Қаңғыбас мал қазіргі уақытта қоғамның өзекті мәселесі. Мал иелерінің үй жануарларын бағуға немқұрайлы қарауы физикалық және материалдық залал келтіретін көптеген мәселелердің туындауына алып келеді, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ППБ командирі Абылай Беркендыков.

Өңір полициясымен халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға немқұрайлы қараудың қауіптілігін, оның салдарынан қайғылы оқиғалар жиі болатынын түсіндіреді.

– Барлық ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін жайылым ережелерін қатаң сақтауға және автожолдарда үй жануарларының болуына жол бермеуге шақырамыз. Есіңізде болсын, сіздің жауапсыздығыңыз біреудің өмірін қиюы мүмкін, – деп қосты А. Беркендыков.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өңірде малдың еркін жайылып жүру фактілері орын алуда. Кейбір азаматтардың өз малдарын жаюға жауапсыз қарауының нәтижесінде облыс аумағында жыл басынан бері 2 ЖКО орын алып, нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 1 адам дене жарақатын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру