Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғын көршісінің атынан несие рәсімдеп алған

Түркістан облысында тұрғын көршісінің атынан несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу тауарлық онлайн несие алып, 400 мың теңгеден астам шығын келтірген. Банктен несиеңізді төлеңіз деген хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында сайрамдық полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, оны аудан көшелерінің бірінде жүрген жерінен ұстады. Алаяқтық жасаған ер азамат жергілікті тұрғын және жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленушіден қоңырау соғу үшін телефонын сұрап алған көршісі оның банк қосымшасымен несие рәсімдеп, арам ойын жүзеге асырғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру