Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері 500-ден астам елордалық интернет-алаяқтардың құрығына түсіп қалған

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуға байланысты алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін хабарлайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Банк карталарын ұстаушыларға қайталанатын нөмірлерден қоңыраулар түседі. Алаяқтар бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып, банктердің ресми call-орталықтарының нөмірлерін көшіріп, карта ұстаушыларға қоңырау шалады. Сөйлесу кезінде өздерін “банк қызметкеріміз” деп таныстырады. Банк қызметкерінің рөлін шебер орындай отырып, алаяқтар банк картасы бойынша алаяқтық операциялар жүргізіліп жатқанын немесе біреу несиені рәсімдеуге тырысып жатқанын хабарлайды. Әңгімелесу кезінде жеке деректерді, карта деректемелерін және SMS-парольдерді сұрайды. Мобильді банкингті пайдаланбайтын және пайдалану дағдылары жоқ адамдарға AnyDesk қосымшасын жүктеу ұсынылады.

Бұл бағдарлама компьютерге немесе телефонға қашықтан қол жеткізуге арналған. Яғни, қосымшаны ұялы телефонға жүктеcеңіз, қашықтан басқару үшін алаяқтарға жол ашылады. Алаяқтардың сөзіне алданған азаматтар өз аттарына несие рәсімдеп, ақшаларын шетелдік шоттарға аударады.

Ағымдағы жылы аталған схеманың әрекетінен елорданың 500-ден астам тұрғыны зардап шекті. Жалпы материалдық шығын 150 миллион теңгеден асады. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру