Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғыннан 200 метрлік балық аулау торы мен заңсыз ауланған балық тәркіленді

Түркістан облысында полиция жергілікті тұрғыннан 200 метрлік балық аулау торы мен заңсыз ауланған балықты тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу аясында полиция Түркістан облысы Келес ауданының аумағында балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісін анықтады.

Мәселен, Сырдария өзенінің маңында Келес ауданының учаскелік полиция инспекторлары жергілікті тұрғынның басқаруымен Volkswagen Passat көлігін тоқтатты.

Автокөлікті тексеру кезінде одан қайықтың моторы, 200 метрлік балық аулау торлары және 20-дан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. Ер адам бұл әрекетін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру