Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында учаскелік полицей тұрғынның өмірін құтқарып қалды

Түркістан облысында 4 қабатты үйдің терезесінен секірмек болған жігітті учаскелік полиция инспекторы дер кезінде құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласының полициясына жергілікті тұрғыннан оның ұлы 4-қабаттағы пәтердің терезесінен секірейін деп жатқаны туралы хабарлама келді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторлары дереу шықты.

Аталған мекенжайға келгеннен кейін тәртіп сақшылары 29 жастағы ер азаматтың денсаулығында ақауы бар екенін анықтады. Ол пәтердің есігін ішінен құлыптап алып, ешкімді, тіпті жақындарын да кіргізбей, терезеден секіремін деген. Сонымен қатар қолына түскен заттарды терезеден лақтыра бастаған. Ер адам секіруге тырысқанда полицейлер оны тыныштандырып, әңгімелерімен назарын басқа жаққа аудара бастайды. Осы уақытта байқатпастан және уақыт жоғалтпастан учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан өз өмірін тәуекел ете отырып, балконға көрші пәтердің терезесі арқылы кірді. Осыдан соң қасына ешкімді жақындатпаған жігітті күрес әдістерін қолдана отырып, бірден шап беріп ұстап алды.

Бейнежазба учаскелік полицейдің бейнетіркегішінен алынды.

Осылайша учаскелік полиция инспекторы жігіттің өмірін аман сақтап қалды. Азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.

“102” арнасына хабарлама түсіріп, көмек сұраған Кентау қаласының тұрғыны, яғни жігіттің әкесі ұлын құтқарған полицейлерге шексіз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру