Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарақұйрық атқан жамбылдық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарақұйрық атқан жамбылдық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерi “Сапсан” жедел қызметi инспекторларымен бiрлесiп, құмды аумақта заңсыз аң аулап жүрген азаматты анықтады.

Тексеру барысында қарақұйрық жануарының тушасы және 12 калибрлі ИЖ аңшы мылтығы табылды. Мылтықтың тiркеу нөмiрi өшiрiлген.

Осы факт бойынша жақын маңдағы шаруа қожалықтың 31 жастағы малшысы әшкереленді. Ол жануарды азық ретінде пайдалану үшін атып алғанын айтты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің (Заңсыз аңшылық) бабымен сотқа дейiнгi тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажеттi сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру