Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысының орынбасары қызмет бабында қайтыс болған полицейдің отбасына барып қайтты

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Жетісу полициясының басшысы Сарқытбай Құсайыновпен бірге қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан Ержан Ахметовтің отбасына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ержан Ахметов 2013 жылдың маусым айында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапты. ҚР Президентінің Жарлығымен II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған.

– Қызмет борышына адал ішкі істер органдарының қызметкерлері әрқашан қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында болатыны бәріне мәлім. Ержан Ахметов өз өмірін құрбан ете отырып, өзінің Отанына және қызметтік борышына адалдығын дәлелдеді. Оның ерлігі бәріміз үшін үлгі, – деді Айдар Сайтбеков.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 818 қызметкер қаза тауып, 4634 жарақат алды.

– Олардың бейбіт уақытта, жастық шақтарында, барлық жоспарлары мен үміттерін орындамай, өз халқы мен Отанына өмір сыйлағанын сезіну өте өкінішті. Біз полиция қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жас буыны осы батырларды құрметпен еске аламыз. Бұл қызметкерлерге парыз, ар-намыс, әділдік және батылдық ұғымы жай ғана әдемі сөздер емес, олар бар өмірлерін осыған арнаған, – деп атап өтті А. Сайтбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру