Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жағдайы төмен отбасыларға сотталған жеке кәсіпкер қайырымдылық жасады

Түркістан облысында жағдайы төмен отбасыларға сотталған жеке кәсіпкер қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған сотталған кәсіпкер жағдайы төмен сотталған отбасыларға көмек қолын созудан шет қалған жоқ. Түркістандық кәсіпкер 2 отбасына көмек қолын созды.

Аталған қайрымдылық шараның халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын-қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпау болып табылады.
Отбасының қуанышына себепкер болған кәсіпкер, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 2 отбасыға азық-түлік себетімен қаматмасыз етті. Түркістан қаласының тұрғындары бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған кәсіпкерге алғысын айтып, сотталғандардың үйлеріне жеке-жеке барып азық-түлікті апарып берді.

– Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?! Пробация қызметі есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға қолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Себебі, олар көмекке мұқтаж. Осылай көмек көрсету арқылы сотталғандарды қоғамға араласуға бейімдейміз. Осындай қайрымдылық шарасы осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да игі істер жасау жоспарда бар, – деді Түркістан қалалық ПҚБ инспекторы Ердос Исламбек.

Өзінің жазасын өтеп жүргеніне қарамастан жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созған кәсіпкер алдағы уақытта жағдайы төмен отбасыларға қайрымдылық іс жасайтынын жасырмады.

– Өзім осы Түркістан қаласында туып өстім. Осы киелі мекеннің ауасын жұтып, суын ішіп, асыр-салып ойнаған қаламның тұрғындарының жағдайына бей-жай қарап отыра алмадым. Қазіргі қымбатшылық кезеңде көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға азда болса көмек қолын берейін деген ой келді. Қазақта жақсы сөз бар «ақыл дос, ашу дұшпан» деген, осы сөзді қаперімнен шығармай келемін. Себебі, ашуға бой алдырып, қателік жасап пробациялық бақылауға тіркелдім. Қалалық пробацияда жазасын өтеп жүрген жағдайы төмен отбасыларға алдағы уақытта қолымнан келенше көмектесуді жоспарлап отырмын, – деді сотталған кәсіпкер.

Жаны жомарт жанға аудан тұрғындары мен пробация қызметінің есебінде тұрғандар алғысын жаудырып, қандай құрметке болса да лайық екенін жеткізді. Көмек алған отбасылар қайырымдық шарасын ұйымдастырушыларға ізгі тілектерін білдіріп, ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп, алғыс айтты.

– Мен қала кәсіпкерінің тарапынан жасалған күтпеген қайрымдылық үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қазіргі қымбатшылық кезеңде жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы аналарды ұмытпаған жөн. Әрине, мен өзімнің жасаған қателігіме қатты өкінемін. Жұмыссыз отырған адам отбасын асырау үшін түрлі әрекетке барады екен. Қазір өзімнің жасаған қателігіме қатты өкінемін. Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторлары менің түзелуіме өз септігін тигізіп келеді. Сонымен қатар, қалада ұйымдастырылып отырған осындай қайрымдылық шарадан қалдырмай қолдау көрсетіп жүрегіне алғыс айтамын, – деді сотталған азаматша.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру