Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жаяу жүргіншіден есірткі табылды

Түркістан облысының полицейлері жаяу жүргіншіден «Меф» есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-ға хабарлама келіп түскен. Онда жергілікті тұрғын өзімен бірге есірткі затын сақтап жүргендігі көрсетілген. Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары Келес ауданы Абай ауылының көшелерінің бірінде күдік тудырған жаяу жүргіншіні тоқтатты. Содан полиция қызметкерлері азаматты тексеру барысында оның қалтасынан полиэтиленді пакетке қапталған хош иісті есірткіге ұқсас затты анықтады. Келестік полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеді.
Жолаушыдан айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың төрт грамға жуық «Меф» есірткі заты екендігі анықталды. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті азамат бұдан алдын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға есірткі заттарын сақтау және заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады, сондай-ақ азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сонымен қатар карантин талаптарына бағынып, бетперде тағып, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру