Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ЖБО камералары мыңнан астам заң бұзушылықты анықтауға көмектесті

Түркістан облысында жедел басқару орталығының камералары мыңнан астам заң бұзушылықты анықтауға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Мәселен, осы жылдың жеті айында полицияның жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен облыс аумағында белгіленбеген орындарда темекі шегудің 1 192 фактісі анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстарын күшейтіп, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және олардың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Аталған жұмыстар азаматтардың белгіленген талаптарды сақтау мәдениетін арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастыруға бағытталған "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

Полиция азаматтарды заң талаптарын, тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру