Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда дрифт жасаған жүргізші жауапқа тартылды

Түркістанда дрифт жасаған жүргізші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның әлеуметтік желіге жүргізген мониторингі нәтижесінде Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде BMW автокөлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, дрифт жасағаны анықталды.

Тексеру барысында көлікті 19 жастағы жас жігіт басқарғаны белгілі болды.

Құқық бұзушыға тиісті шара қолданылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда қауіпті маневрлер жасамауға және өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру