Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында “Нексия” және “Лада-Vesta” маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты.

Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан “Нексия” көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және “Лада-Vesta”көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.

 

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру