Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жыл басынан бері жол қауіпсіздігін сақтамаудың 440 мыңға жуық дерегі анықталды

Түркістан облысында жыл басынан бері жол қауіпсіздігін сақтамаудың 440 мыңға жуық дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысында жыл басынан бері 439 524 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған. Оның ішінде көлік құралын мас халде басқарудың 760 жайты, ал жылдамдықты шамадан тыс асырудың 211 мыңнан астам дерегі тіркелген. Ал жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 32 134 жайты анықталды. Сондай-ақ, талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғалары үй жануарларының қатысуымен де орын алуда. Себебі, мал жолға шығып, жүргізушілерге кедергі келтіреді, салдарын оқыс оқиға орын алады. 

Мәселен, Түркістан облысында жыл басынан бері үй жануарларының қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алған. Бүгінгі таңда малдың қатысуымен болатын жол апатының алдын алу мақсатында облыс бойынша жедел шаралар атқарылуда. 

Сонымен қатар, жол апаттарының алдын алу мақсатында құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын бейнебақылау камераларының саны артуда. Ал “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы бойынша айыптұраққа 1132 автокөлік қойылған. Жалған мемлекеттік тіркеу белгісін таққан 21 автокөлік, басқаруға құқығы жоқ 104 жайт анықталды. 

Осы ретте көліктің қауіпсіздік белдігін тақпайтын, техникалық байқаудан өткізуге мән бермейтін жүргізушілер де көп екені даусыз. Сондықтан жол қозғалысы ережесін қатаң сақтаңыздар, мұның соңы қайғылы жағдайға әкелуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру