Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының аумағында 5 жол-көлік оқиғасы орын алды

Демалыс және мереке күндері Түркістан облысының аумағында бес жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсан күні сағат 10:35 шамасында кезекші бөлімге Ордабасы ауданында Шымкент-Самара тас жолының 125 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүк көлігінің аударылып кетуі салдарынан оқиға орнында алған жарақатынан “фураның” жүргізушісі көз жұмды. Оқиға орнына полиция мен ТЖД қызметкерлері келді.

Сол күні Ескі Иқан ауылы жанында Шымкент-Түркістан тас жолы бойында “ДАФ” жүк көлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, автокөліктің аударылуына жол берген. Аталмыш жол-көлік оқиғасы салдарынан бұл жүк көлігінің жүргізушісі де оқиға орнында алған дене жарақаттарынан көз жұмды.

Аталған жайттар ҚР ҚК 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Анықтаушылар жол-көлік оқиғаларының барлық мән-жайларын анықтап жатыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жолдарда, әсіресе ауа-райының қолайсыздығында абай болуды ұсынады. Жүргізушілер жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және көктайғақтағы трассаларда мұқият болуға тиіс. Автоәуесқойлар есіңізде болсын, сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігі жол қозғалысы ережелерін сақтауға байланысты.

Есіңізде болсын, жол қателіктерді кешірмейді! Сонымен қатар жылдамдықты асырмай, жол қауіпсіздігі мен қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру