Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 20 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген әжені құжаттандырды

Түркістан облысының полицейлері 20 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген әжені құжаттандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне 70 жастағы әжей Атиш Баянова жеке басын құжаттандыруға өтініш білдірді. Ол 2002 жылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келіп, құжаттарын жоғалтып алған. Содан бері 20 жыл бойына құжатсыз жүрген.

Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден тіркеуге алып, шұғыл түрде кейуанамыздың құжаттарын рәсімдеді. Нәтижесінде, аз ғана уақыттың ішінде тәртіп сақшылары әженің жеке басын анықтайтын төлқұжатын жасап, өз қолына табыстады.

– Мен осы құжатымды алу үшін өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет. Жасымды сыйлап, аз уақыттың ішінде бітіріп берді. Жұмыстарың алға баса берсін, – деді төлқұжат алғанына қуанған әже.

Бүгінде көпті көрген кейуана екі ұл, үш қыз өсіріп, одан 18 немере төрт шөбере сүйіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру