Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда жер үйлерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Теміртауда жер үйлерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуір күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу өзіне тиесілі жер үйге ұрлыққа түсіп, оттегі балонымен құралдар жинағын ұрлап кеткені туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

18 сәуір күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағыда бір қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Сондай-ақ, күдіктінің ұялы телефон ұрлығына да қатысы бары белгілі болды. Яғни, 14 сәуір күні Ескіқалалық полиция бөліміне 46 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Жәбірленуші әйел көлік жуу орынында жұмыс жасайтынын айтқан. Ұрлық болған күні көлік жуу орынын жинастырып жүргенде белгісіз біреу оның құны 100 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бұл қылмысты жасаған да жоғарыда ұсталған азамат екені анықталды. Қазіргі уақытта айғақ зат тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру