Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да халықтан қару сатып алу бойынша кезекті акция басталды

ШҚО-да халықтан қару сатып алу бойынша кезекті акция басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да 25 сәуірден бастап халықтан қару сатып алу бойынша кезекті акция басталды.

ШҚО Полиция департаменті 25 сәуірден бастап шығыс өңірінде “Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша” акциясы өткізілетінін хабарлайды. Бұл ретте заңсыз сақталған қаруды, оның оқ-дәрілерін, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ, қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың техникалық жай-күйіне байланысты оның әрбір бірлігі үшін төлем көзделеді.

ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов атап өткендей, 2021 жылы азаматтардан 116 өтініш келіп түсті, 159 атыс қаруы тапсырылды. Атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау ПД-ның әрбір аумақтық бөлімінде жүргізіледі.

Тәртіп сақшылары жарақат алудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен және оқ-дәрілермен ешқандай іс-әрекет жасамауды, оларды тасымалдауға әрекет етпеуді, тек полицияның кез келген бөлімшесіне немесе 102 арнасына хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру