Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 450 құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері 450 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында өткізілген «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Барысында Қазақстан Республикасына келу, болу және Қазақстан Республикасынан кету Ережелерінің сақталуын қадағалау, Түркістан облысы аумағында болу мерзімі өтіп кеткен шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеу, визалар, жұмысқа рұқсат беру, сондай-ақ әкімшілік заңнаманы бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді.

Мәселен Отырар ауданы көлемінде жалпы – 458 шетелдік есепке алынып, уақытша тіркелді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында болу және ҚР-дан кету ережелерін бұзған, барлығы – 27 шетелдік пен ҚР-ның азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 17-і шетел азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жолмен ел аумағынан аластатылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау қажеттілігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру