ШҚО-да сотталған әйелдер мемлекеттік емтихан тапсырды
ШҚО-да сотталған әйелдер мемлекеттік емтихан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысындағы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/21 мекемесінде кәсіптік техникалық колледжде оқитын сотталған әйелдер мемлекеттік емтихан тапсырды.
– Сотталғандардың оқуға және жұмыс істеуге деген ұмтылысы – олардың түзелуін анықтайтын өлшемдердің бірі. Және бұл олардың бостандыққа шыққаннан кейінгі шешімдеріне де әсер етеді, – деп түсіндірді тәрбие ісі жөніндегі бастықтың орынбасары Анар Сабиева.
Қашықтық оқуға қарамастан сотталған әйелдер колледж бағдарламасын ойдағыдай игерді. Алда оларға мамандық иесі болды деген диплом табысталады.
– Өкінішке орай, темір тордың ішінде ғана мен өз өмірімде қаншама қателіктер жібергенімді түсіндім, бірақ енді мен бәрін өзгерткім келеді. Бостандыққа шыққаннан кейін мен жұмысқа орналасып, анама көмектесемін. Дипломымды жақында аламын, емтихандардағы сұрақтар да қиын болған жоқ, өйткені біз бұл күнге жақсылап дайындалдық. Болашақта мен отбасыма және достарыма киім тігемін, – деді сотталған Олеся.