Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ардагерлермен кездесті

Түркістан облысының полицейлері ардагерлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағлан Халықовтың нұсқауына сәйкес, жедел кеңес өткізілді. Онда саптық және арнайы бөліністері жауынгерлерінің оң келбетін қалыптастыру мен олардың имиджін арттыру бойынша, мақсатты жұмысты жүргізу мәселесі көзделген.

Осыған орай Ордабасы АПБ-нің мәжіліс залында карантин ережелерін қатаң түрде сақтай отырып, Ордабасы ауданының ішкі істер органдарының ардагерлерді және абыройлы тұлғаларды шақыра отырып, саптық бөліністердің жеке құрамымен кездесу іс-шаралары ұйымдастырылды.

Онда Ордабасы ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция подполковнигі Ахмет Рахматтула және оның орынбасары отставкідегі полиция майоры Нурбеков Сериктер арнайы шақыртылып, жеке құраммен имиджін арттыру бойынша кездесу өткізілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру