Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден жабайы қояндарды тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден жабайы қояндарды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерліктің және табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Кентау ҚПБ-нің полиция қызметкерлері жабайы жануарларды заңсыз аулаудың кезекті дерегін анықтады.

Рейдтік іс-шара кезінде тәртіп сақшылары Кентау қаласының жанында «ВАЗ-2106» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көліктің ішінде екі жергілікті тұрғын болды.

Автокөлік салонын тінту кезінде полицейлер екі аңшылық мылтық, прожектор және атылған төрт жабайы қоянды тауып, тәркіледі. Аталған жайт Кентау ҚПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта аталмыш браконьерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бес экологиялық қылмыс, 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық және 14 аңшылық қару, жеті жабайы аң мен құс еті, сондай-ақ 200 кг-ға жуық балық және 280 м-ден астам балық аулау желілерін анықтады.

Өз кезегінде полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға кеңес береді. Браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары тағы да Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының табиғатын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру