Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ер адамнан есірткі тапты

Түркістан облысының полицейлері ер адамнан есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқару кезінде өздеріне бекітілген аумақта бұрын-соңды көрмеген, таныс емес тұрғынды байқап, тоқтатады.

Оның жеке басын анықтау кезінде қалтасынан ақ қағазға оралған күмәнді зат табылады. Табылған есірткі заты айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы бойынша ол кептірілген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 3 грамнан асады. 

Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру