Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойынын тоқтатты

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойынын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын орындау мақсатында облыс аумағында тұрғындар арасында короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін карантин режимі енгізілген болатын. Алайда, санитарлық және шектеу шараларын елемейтін азаматтардың саны азаяр емес. Соның салдарынан халықтың денсаулығына қауіп төндіруде.
Мысалы, Төлеби АПБ-ның қызметкерлерімен аудан аумақтарына рейдтік жұмыстар жүргізді. Шара барысында Төлеби ауданы Момынай ауылдық округінде 100-ден астам тұрғын жиналып, көкпар ойынының болып жатқандығы анықталды. Осы тұста тәртіп сақшылары өткізіліп жатқан көкпар ойынын тоқтатып, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жиналған жұртты үй-үйіне тарқатты.

Көкпар ойынын ұйымдастырған жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін СЭББ-ға жолданды.

Өз кезегінде полицейлер Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын бұзбауға шақырады. Базарларға, дүкендерге және адамдар көп жиналатын басқа жерлерге, қоғамдық көліктерге барған кезде медициналық бетперде киіп, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру