Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлаған қойшыны Қызылордада қолға түсірді

Түркістан облысы Сауран ауданының полиция қызметкерлері көлік ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын есігінің алдында тұрған Нива автокөлігін белгісіз біреудің рұқсатсыз жүргізіп кеткені жайында арыз түсірген.

Аталған факті бойынша саурандық сақшылар тергеу амалдарына кірісіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғалып, көлік ұрлығы бойынша жедел жұмыстарды жүргізеді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары көлік ұрлаған азаматты Қызылорда қаласында қолға түсірді. Күдікті бұрын сотты болған Ақтөбе қаласының тұрғыны, жәбірленушінің қойшысы екені анықталды. Қолды болған автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Білікті тергеушілер күдіктіге қатысты тергеу амалдарын жүргізіп, іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру