Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушісінен есірткі тапты

Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушісінен есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ның полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын сақтау, қадағалау мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады.

Тәртіп сақшылары осындай кезекті шара барысында Кентау қаласы Сейфуллин көшесі бойында күндізгі сағат 16:30 шамасында жарық шамын жақпай келе жатқан Nexia көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында оның ішінде тұрған қолсөмкеден пакетке оралған хош иісі бар есірткіге ұқсас зат табылды.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары бірден ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.

Полицейлер жүргізушінің көлігінен шыққан затты сараптамаға жолдады. Зерттеу қорытындысына сәйкес, бұл кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру