Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер 522 жарылғыш затты тәркіледі

Павлодарлық полицейлер 522 жарылғыш затты тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында “Қару” жедел-профилактикалық республикалық іс-шарасы жалғасуда, оның шеңберінде құқықтық тәртіп сақшылары 1315 рейдтік іс-шара өткізді.

– Нәтижесінде заңсыз айналымнан 70 бірлік қару, екі граната, 104 патрон және 522 жарылғыш зат тәркіленді. Мәселен, Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне қалалық зауыттардың бірінен зениттік снарядтар табылғаны туралы хабарлама түсті. Осы қоңырауды пысықтау кезінде, снарядтар қара металл сынықтары бар вагондарда келгені анықталды. Шамамен Семей қаласындағы полигоннан болса керек. Снарядтар алынды. Сараптама нәтижелеріне сәйкес пайдаланылған снарядтар жарылыс қаупін тудырмайды. Жалпы саны – 522, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Екібастұз қаласында патрульдеу кезінде 22 жастағы қала тұрғыны ұсталды, оның сыртқы қалтасынан электрошокер табылып, тәркіленді. Қару тіркелмеген. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды.

Тіркелмеген қаруды алып жүру және сақтау фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК 482-бабы бойынша 44 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 95 заңды тұлға, 8954 жеке азаматтық қару иесі тексерілді, нәтижесінде 304 бұзушылық анықталды.

– Азаматтық қару мен оның патрондарын сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 238 азамат жазаланды. Қаруды тіркеу тәртібін бұзғаны үшін 66 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарға жол берген азаматтардан 340 қару тәркіленді, – деді Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру