Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері көлікті құжатсыз басқарған мас жүргізушілерді ұстады

Түркістандық полицейлер көлік басқару құқығын беретін құжаттарсыз, мас күйінде көлік жүргізген азаматтарды ұстады, – деп хабарлады Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде Кентау қалалық ПБ полицейлері  қала көшелерінің бірінде «Мерседес Бенц 190» маркалы автокөлігін тоқтатып,  құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгенін анықтаған. Сонымен қатар, Кентау қаласының тұрғыны бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін автокөлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Бұдан басқа тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізген тағы бір жол ережесін бұзушыны анықтады. Рейдтік іс-шаралар кезінде Төлеби АПБ қызметкерлері күдікті көлікті тоқтатқан. Көлік рөлінде отырған азамат медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес алкогольдік масаю күйінде болған.

Қазіргі уақытта осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару  құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның  басқаруына беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру