Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған 3 бірдей жүргізушіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған үш бірдей жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері таңғы сағат 09:30 шамасында күнделікті жұмыстарын жүргізу барысында, жол ережелерін бұзып келе жатқан “Ваз-21115” маркалы автокөлікті байқап, тоқтатты.

Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды.

Сонымен қатар қазығұрттық тәртіп сақшылары кешкі сағат 18:15 шамасында “Ауди-80” маркалы автокөлікті тоқтатты. Оның да мас халде болуына күдіктеніп, сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес жүргізушінің мас екені расталды. Полиция қызметкерлері аталған жайттарды ӘҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді.
Сондай-ақ Төлеби ауданы ПБ полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалау мақсатында түрлі іс-шараларды өткізуде. Осындай шара барысында жол ережелерін өрескел бұзып келе жатқан автокөлікті тоқтатты. Автокөлік иесін тексере келе оның жүргізуші куәлігінің жоқтығы белгілі болды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері оның мас күйіне күдіктеніп, сараптама тағайындады.

Сараптама қорытындысында мас екендігі анықталды. Полицейлер аталған жайтты ӘҚБтК 608-бабы бойынша тіркеп, жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау мақсатында аудандық сотқа жолдады. Сот жүргізушіні 20 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру