Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері нашақорлықтың алдын алу бойынша жиынға қатысты

Түркістан облысының полицейлері нашақорлықтың алдын алу бойынша жиынға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті, оған облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов, қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының және басқа да мүдделі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Кеңесте есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың өзекті мәселелері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік ведомстволардың осы бағыттағы жұмыстары талқыланып, одан әрі іс-шаралар жоспары қаралды.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ.Сахов өз баяндамасында нашақорлыққа және есірткінің, сондай-ақ психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы, оның ішінде «Қарасора», «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Түркістан облысының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 2023 жылдың 8 айында есірткіге байланысты 400-ден астам фактіні тіркеді, оның ішінде 205 қылмыс және 196 қылмыстық теріс қылық. Полиция, денсаулық сақтау және білім басқармалары, жастар ресурстық орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жастар арасында 90-нан астам профилактикалық іс-шара өткізілген.

Сондай-ақ кеңес барысында 2022-2023 жылдарға арналған нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің медиа-жоспарын орындау, есірткіге байланысты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және есірткі құралдарын насихаттаумен және жарнамалаумен айналысатын сайттарды бұғаттау жөніндегі шаралар туралы бейінді ведомстволардың баяндамалары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша халықтың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында облыс әкімі жанындағы қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың шешімімен студенттер мен оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу, оның ішінде синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы іс-қимыл бойынша нақты жұмыстар кешенін жандандыру тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру