Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қарға батқан 5 көлікті сүйреп шығарды

Түркістан облысының полицейлері қарға батқан бес көлікті сүйреп шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөлімі ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Ерлан Жұманбаев полиция қызметкерлері Ерсұлтан Түлкібек, Ағдарбек Маметов күнделікті қызмет атқару барысында ауа райының салдарынан қолайсыз жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетті.

Яғни, қарға батып қалған бес көлік жүргізушісіне, олардың 10-ға жуық жолаушыларына қолғабыс етіп, алғыс алды. Мәселен, Шымкент қаласының тұрғындары өздерінің Chevrolet көлігімен Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіне келе жатып, қар құрсауында қалып қояды. Байланыс болмағандықтан ешкімге хабарласып, көмек сұрай алмайды.

Видео осында.

Дәл осы сәтте өзіне бекітілген аумақта қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап жүрген учаскелік полиция қызметкерлері тоқтап тұрған көлікті байқап қалады. Қалың жауған қар салдарынан батып қалған көлікті құрал-жабдықтарымен тазалайды. Содан қызметтік көлікпен тартып шығарып, қолдан келгенше жәрдем етеді. Біраз уақыт жолда қалған жүргізуші мен жолаушылар полицейге шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды және жол жүру ережелерін бұзбауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру