Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері «Қару» жедел – алдын алу іс-шарасы барысында 30-дан астам қаруды тәркіледі

12-15 қазан аралығында Түркістан облысының аумағында «Қару» жедел – алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған төрт күн ішінде әкімшілік полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 32 аңшы мылтығын, 1 шолақ мылтық, 1 газды тапанша мен оқ-дәрілер алды. Оның ішінде заңсыз сақталған 7 қаруды жергілікті тұрғындар полицейлерге ерікті түрде тапсырған.

Сонымен қатар  «Қару» жедел – алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері  6 672 қару иесін қаруды сақтау ережелері бойынша тексерді, нәтижесінде лицензиялау-рұқсат беру саласында 365 құқық бұзушылық анықталды. 

Мысалы, Отырар АПБ қызметкерлері қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 5 қару иесіне және қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзғаны үшін 2 қару иесіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру