Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері танысының телефонын жымқырған күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері танысының телефонын жымқырған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, түнгі сағат 23:00 шамасында өзінің тұрғылықты мекен жайынан белгісіз азамат Samsung А10 ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші әйелге келтірілген жалпы шығын көлемі 70 мың теңге.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған тұрғынжайға тез арада шығады. Көрген білгендерден сұрастырып, көршілерімен сауалнамалар жүргізеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылар жеделділіктерін танытып, ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсіреді. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты.

Белгілі болғандай, арызданушы азамат өз жұмыстарымен үйінен шығып кеткен. Сол мезетте үйінде ешкімнің жоқтығын білген танысы үйіне кірген. Содан телефонды жасырын жымқырып, ол жерден бірден бой тасалаған. Оңай олжа тапқысы келген ер азамат қолды қылған затын бес мың теңгеге сатып, ақшасын алкогольді ішімдік алуға жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ұрланған ұялы телефон табылып, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Жеке заттарыңызды бөтеннің көзі түспейтін жерде сақтауға кеңес береді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, ұрлық қылмысының аз уақытта ашылуына өз септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру