Қарағанды облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды
Қарағанды облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 маусым күні Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық полиция бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын арызбен шағымданған. Жәбірленуші белгісіз біреу оны жұмысқа тұрғызамын деген желеумен сеніміне кіріп, 300 мың теңге ақшасын алып кеткенін айтқан. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
23 маусым күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Алдын ала тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған күдіктінің осыған ұқсас тағыда үш қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Тергеу амалдары жалғасуда.