Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ақшасын заңсыз шешіп алған пошта қызметкерін анықтады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның ақшасын заңсыз шешіп алған пошта қызметкерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша белгісіз азамат кәртішкесінен жәрдемақыны рұқсатсыз шешіп алғанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 20 мың теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Полицейлер жәбірленуші әйелдің ақшасын жымқырған күдіктіні ұстауға қатысты іс-шараларды жүргізді. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ол поштада бұрын жұмыс жасаған қызметкер болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында өзінің арам ойын іске асырған. Жәбірленушінің жаңадан келген банк кәртішкесіне түскен жәрдемақыны ешкімге білдіртпестен шешіп алған. Содан соң оны бас пайдасының қажетттілігіне жұмсап жіберген.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмән тудыратын ұсыныстарға сенбеңіз, таныс емес адамға ақшаңызды бермеңіз деп ескертеді. Алаяқтардың арбауына түсіп қалудан сақтаныңыз. Егер, сіз де, алаяқтық қылмысының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бірден “102” телефоны арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру