Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының ПД консультативтік-кеңесші органы кезекті отырысын өткізді

Жамбыл облысының ПД консультативтік-кеңесші органы кезекті отырысын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 24 ақпанда Жамбыл облысының Полиция департаментінде “Қазфосфат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры М. Искандировтың төрағалығымен консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне ұйымдастыру жұмыстары, жол қауіпсіздігі мәселелері, Халық қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың туғанына 50 жыл толуына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелері қойылды.

Жиын барысында жол қауіпсіздігі және оның мәселелері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Жайдар Құттыбаев баяндады. Ал олардың техникалық жағдайы мен автожолдарды жол белгілерімен жарақтандыруға тікелей байланысты жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға қатысты бірлескен шешім бойынша осы жұмысқа жауапты “СМЭУ-АВТОТРАНССИГНАЛ – 2” ЖШС мен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері шақырылды.

Одан әрі Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Ильнур Зайнулин Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың туған күніне арналған салтанатты іс-шараларға дайындық барысы туралы баяндады.

Ұсынылған күн тәртібін талқылау барысында консультативтік-кеңесші орган мүшелерімен барлық ұйымдастыру жұмыстары бойынша бірауыздан шешім қабылданды, сондай-ақ жол қауіпсіздігі мәселелерін ерекше бақылауға алу және Ғазиз Байтасовтың құрметіне арналған патриоттық іс-шараларға белсенді қатысу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру