Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған Алматы қаласының тұрғынын ұстады

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған Алматы қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша өзінің дүкенінен белгісіз біреу “Самсунг Галакси” маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Осылайша жәбірленушіге 40 мың теңге шығын келтірген. Аталған дерек ҚК 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.

Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел-іздестіру шараларына бірден кірісті. Тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарының нәтижесінде ұрлық жайтын жасады деген күдікпен бұрын сотты болған, Алматы қаласының әйел тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматша қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті әйел дүкенге киім-кешек сатып алу мақсатында кірген. Содан соң үстел үстінде тұрған ұялы телефонды көріп, оңай олжаға кенелуді ойлаған. Аталған телефонды білдіртпестен алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сонымен қатар араға тәулік салып, Ордабасы ауданында өзінің танысымен бірге тұрып жүрген әйел, танысында сан соқтырып кеткен. Яғни оны дүкеннен нан алып келемін деп алдап, сөреде тұрған сөмкесінің ішіндегі ақшаларын қоса алып кеткен. Осылайша Алматы қаласына бет алмақ болған күдікті әйелді тәртіп сақшылары аудан орталығының бірінен қолға түсірді.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада “102” нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру