Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған үшеуді анықтады

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған үшеуді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-не жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Оның айтуынша, ауыл сыртында орналасқан мал қорасынан 2000 м ағаштарын, 100 м полиэтелин трубаларын, 140 м кабельдерін белгісіз азамат жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 850 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсіру мақсатында, барлық қажетті шараларды жүргізді. Ұрлық болған жерлерді мұқият тексеріп, қол-саусақ іздерін алды. Жинақталған ақпарат көздерінің нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстап, ПБ-не жеткізді. Одан жауап алу барысында, қасында тағы екі азаматтың болғанын айтып көрсеткен. Осылайша күдіктілер өз кінәларын толық мойындады.

Айғақты зат ретінде қолды болған заттардың барлығы тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда осы жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта.

Тергеу барысында анықталғандай, үш күдікті өзара келіскен. Содан соң ауыл сыртындағы қораның қараусыз тұрғанын байқап, оңай жолмен ақша табуға деген арам ойлары туындаған. Осылай үш күдікті аталған заттарды ұрлап, бірінің үйінің гаражына жасырған.

Түркістан облысының полицейлері жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар өз мүліктеріңізге барынша ие болуға шақырады. Егер, сіз, ұрлық жайтының куәгері немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру