Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған тұрғынды ұстады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданы аумағындағы өзен-суларда табиғат байлықтарын қорғау бағытында жүргізілген шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, Сырдария өзені жағасында жергілікті тұрғын ау-торын пайдаланып, заңсыз балық аулап отырған.

Ұсталған ер адамнан айғақты зат ретінде бір мотор, 100 және 120 метрлік екі тор, 60 заңсыз ауланған балық тәркіленіп, алынды. Балықтардың жалпы салмағы 70 келіден асады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335 бабымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) тіркеліп, қылмыстық іс енгізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру